RU

Қанат Ислам бастаған былғары қолғап шеберлері Астанада ашық жаттығу өткізді

Қанат Ислам бастаған былғары қолғап шеберлері EXPO қалашығында жанкүйерлеріне арнап ашық жаттығу өткізді деп хабарлайды 24.kz.

Шараға әлемге танымал қазақстандық боксшылар да қатысты. Олардың ішінде Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Руслан Мырсатаев, Айдос Ербосынұлы, Нұрсұлтан Жаңабаев бар. Ашық жаттығуға аталған боксшылардың спарринг әріптестері Марио Мина, Юнески Гонсалез және Луис Кастилло қатысты.

Әр боксшы өз өнерлерін көрсетіп, спарринг қарсыластарымен жекпе-жекке шықты. Шара аясында боксшылар жанкүйерлеріне сыйлық табыстады.

Тағы оқыңыздар: Ешкімнің әлі келмеген 300 келі "Қажымұқан тасын" көтерген жас балуанға ел сүйсінген (фото)

"Осындай тәуелсіз елдің арқасында елордамда үлкен бір жекпе-жек өткізгелі отырмын. Бұл – мен үшін, спортшы үшін үлкен бақыт. Үш ұйықтасам да түсімізге кірмеген. Сондықтан қуаныштымын. Тек еліме үлкен жеңіс сыйлағым келеді", - деді Қанат Ислам.

Айта кетейік, бокшыларымыз 9 қыркүйекте «Сарыарқа» велотрегі кешенінде өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Басты жекпе-жек Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Куктың арасында өтеді.

Боксшылар бірінші орта салмақтағы ІВF титулына үміткерлікке таласады. Сондай-ақ осы жекпе-жектің андеркартында қазақстандық 8 боксшы шаршы алаңға шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1593982-qanat-islam-bastaghan-bylghary-qolghap-sh.html