RU

Далаға дәрет сындырудан жалыққан келіншек жалқау күйеуімен ажырасып тынды

Үндістанда бес жыл бойы күйеуіне әжетхана салдырта алмаған бойжеткен ақыры ажырасып кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы yaizakon.com.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

20 жастағы бойжеткен бес жыл бойы дәретті далаға сындырып жүргеннен әбден мезі болғанын айтады. Ол, тіпті дәрет сындыру үшін әр кез қараңғы түнді күтіп, ен далаға жалғыз өзі шығып жүргенін алға тартқан.

Тағы оқыңыздар: Ер азаматтардың арманына айналған Араб елінің он көрікті аруы (фото)

Раджастхан штатының соты бойжеткеннің шағымын орынды деп санап, оған ажырасып кетуіне заңды рұқсат берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1593986-daretti-dalagha-syndyrudan-zhalyqqan-b.html