RU

74 жастағы қария бір апта бойы тау үстінде су мен шоколадты азық қылған

Жапонияның солтүстік аумағындағы тауда жоғалған 74 жастағы альпинист апта бойы су мен шоколадты қорек еткен. Қарияны жексенбі күні құтқарушылар тобы тапты. Бұл туралы Vesti.ru хабарлады.

Киёюки Цуцуи Хиросимадан Ниигатаға тауды бағындыру үшін келген. Алайда таудың үстіне шыға бергенде аяғы тайып, сүрініпті.

Цуцуидің жоғалғаны туралы тек жұма күні белгілі болған. Полиция бөліміне оның туысқандарының бірі шағымданған.

Тағы оқыңыздар: Ашхабад тұрғындарына Азия ойындары біткенше далаға кір жаюға тыйым салынды

Іздестіру шарасында құтқарушылар тобы жексенбі күні ғана қарияны тікұшақ арқылы байқаған. Қазір оның денсаулығы ойдағыдай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1594451-74-zhastaghy-alpenist-bir-apta-boyy-tau-u.html