RU

Тоқтар Әубәкіровтің туған жеріне апарған сыйын полиция өткізбей қойды

Қарағанды облысында Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойына арналған ас берілді. Қазақ халқының ғұлама үш биінің бірі, ірі тарихи тұлғаны ұлықтаған ұлағатты шараның аясында бабаға арнап ескерткіш ашылып, екі томдығы және фотоальбом жарық көрді.

Ал Егіндібұлақ ауылынан жол тартқан «Қаз дауысты Қазыбек би жолымен: «Бабаларға тағзым!» автокеруені ел ішін аралап, көрші Өзбекстан жеріне дейін жетпек.

Айтулы шарада балуан күресіп, жүйрік ат та шапты. Көпшілік мемлекет қайраткері, 9 ханның жебеушісі Қаз дауысты Қазыбек би ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құран бағыштады. Монументалды нысанды осы өлкеден шыққан бизнесмен сыйлаған. Стелланың биіктігі 12 метр.

Тағы оқыңыздар: Өзін полицеймін деп таныстырған ақтөбелік жігіт сатушыларды тақырға отырғызып кетті

Торқалы тойға ғарышкер Тоқтар Әубәкіров те өз сыйын әкелген екен. Бірақ жергілікті полиция оның жолын кесіп, шара өтіп жақтан Егіндібұлақ жеріне кіргізбей қойыпты.

"Мен біраз азаматтармен бірігіп, Қазыбек би бабамыздың мүсінін құйдырған едім, қоладан. Соны мына тойға кіргізбей қойды. Енді менің ұсынысым, сол ескеркішті Қарқаралының басына қойсақ қайтеді ел жұртым?", - деген Халық қаһарманын көпшілік бірауыздан қолдай кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1594457-toqtar-aubakirovtinh-tughan-zherine-apa.html