RU

Астана аялдамасында пайда болған қазақтарға қатысты жазу желіні дүрліктірді

Ғаламтор желісінде ұлтараздық бағыттағы жазудың фотосы тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Сурет авторларының сөзінше жұрттың ашуын келтірген жазуды Астанадағы Әлия Молдағұлова аялдамасына бәз біреулер әдейілеп жазып кетіпті.

Қазақтарға қатысты арандату мәніндегі жазу күні кеше ғана қоғамдық орында пайда болған.

Аялдамадағы бұл жазба желіде қызу пікірталас тудырды.

Тағы оқыңыздар: Елбасы ЭКСПО-ға жұмсалған ақшаны үнемдегені үшін Есімовті мақтады

Самат Нұртаза есімді facebook қолданушысы өзінің жеке парақшасына аялдамадағы бейәдеп сөздің фотосын салып:

"Астана қаласының Жеңіс даңғылы мен Әлия Молдағұлова көшесінің қиылысындағы аялдама. Кім жазса да, ұстап, заңға сəйкес жазалауды сұраймын. Мұндай арандатушылардың көзін бірден құрту қажет» деген пікірін қалдырды.

Кейбір азаматтар бұл жазуды қалжыңға сүйеп: «қазақтарға ренжігендер ашумен жазып кеткен шығар»,- деген сынды ойларын білдіруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1594495-astana-ayaldamasynda-payda-bolghan-qaz.html