RU

Назарбаев: Мен қазір ешқайда демалуға барғым келмейді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар24" телеарнасына берген сұхбатында Қазақстанның керемет табиғаты туралы айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Тағы оқыңыздар: 74 жастағы қария бір апта бойы тау үстінде су мен шоколадты азық қылған

"Мен Жер бетіндегі көптеген әдемі жерлерді көрдім.  Бірақ өскелең ұрпаққа және замандастарыма айтқым келеді - мен қазір ешқайда демалуға барғым келмейді. Бурабай секілді ғажап мекенді мен осы уақытқа дейін кездестірмедім. Жердегі жұмақтай керемет, тау да, көл де, таза су да табылады. Дәл осындай табиғат Шығыс Қазақстанда бар. Ертіс өзенінің сексен пайызы қазақстандық судан құралған. Алатау баурайы өз алдына бөлек әңгіме. Қыста шаңғы теуіп, тауда серуендеуге болады", - деп атап өтті президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1594497-nazarbaev-men-qazir-eshqayda-demalugha.html