RU

Долларды айналымнан жаппай алып тастау теңгеге қалай әсер етеді?

Halyk Finance басқармасының мүшесі Мұрат Темірханов АҚШ жоспарлап отырған доллардың жаппай алынып тасталуы әлем экономикасына және теңге бағамына қалай әсер ететінін болжады. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Крышаға» сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ доллар өтімділігінің ірі көлемін айналымнан алып тастауды жоспарлап отыр. Нәтижесінде америкалық валютаға сұраныстың өсуі мен оның одан әрі нығая түсуі болжануда.

Алғашқы сатысында Ашық нарықтар бойынша комитет ай сайын 10 миллиард долларды айналымнан алуды жоспарлап отыр. Болашақта оның көлемін 50 миллардқа көтермек.

Тағы оқыңыздар: Павлодарлық полиция капитаны мас күйінде бірнеше көлікті қиратып кеткен

"Америкалық өлшеулер бойынша бұл үлкен қаражат деп айта алмаймын. Мұны, тіпті жаңалық дей алмайсың. Бұл бұрыннан жүзеге асырылып келе жатқан үдеріс", - дейді Мұрат Темірханов.

Halyk Finance басқарма мүшесінің айтуынша, ақшаның айналымнан алынуы мүмкін екенін нарықтағы ойыншылар бұрыннан біліп отыр. 

"Нарық бұған дайындалып үлгергені анық. Яғни, біздің ойымызша, шу көтеріле қоймайды. ФҚЖ шешімі отандық нарыққа қандай да бір әсер етеді деу қиын. Бірінші кезекте біз рубль бағамының өзгерісіне қарауымыз керек. Себебі, егер ресейлік валюта әлсірей бастаса, артынша теңге де құнын жоғалтады", - дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Тоқтар Әубәкіровтің туған жеріне апарған сыйын полиция өткізбей қойды

Темірханов Ресейде доллар алынып тасталатыны туралы жаңалық ешкімді алаңдаттырмай отырғанын айтты.

"Батыс санкцияларының рубльге қалай әсер еткеніне қарайықшы: аздап рубль бағамы құбылғанымен, бүгінде ол бұрынғы деңгейіне қайтып оралды... Бүгінде отандық валюта құлдырайды деген болжам жоқ", - дейді маман.

21 тамыз күнгі таңертеңгілік KASE сессиясының нәтижесі бойынша ұлттық валюта бағамы 332,25 долларды құрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1594498-maman-dollardynh-zhappay-alynyp-tastal.html