RU

Құлыбаевқа қатысты желіні шулатқан ақпарат жалған болып шықты (фото)

Әлеуметтік желіде Тимур Құлыбаевтың қайырымдылық акциясын ұйымдастырып жатқаны туралы жалған ақпарат тарады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"2010-2011 жылғы балалары барларға 29 тамыз күні сағат тоғызда Пушкин кітапханасының аймағында Құлыбаев қоры қайырымдылық жасау мақсатында мектеп жабдықтары мен оқушы сөмкелерін тегін таратады. Өздеріңізбен бірге туу туралы куәліктің көшірмесі мен жеке куәлігінің көшірмесін ала келіңіз. 2010-2011 жылғы балалары бар барлық тұрғындарға хабарлаңыздар", - деп жазылған желіде тарап кеткен хабарламада.

Тағы оқыңыздар: Доллардың жаппай алынып тасталуы теңгеге қалай әсер ететінін арнайы маман айтып берді

WhatsApp желісінде таралып кеткен хабарламаға қатысты Ұлттық кәсіпкерлер палатасы назар аударып, ақпараттың жалған екенін мәлімдеуге асықты.

"Құрметті қазақстандықтар! Бұл ақпарат жалған және "Атамекен" президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевқа еш қатысы жоқ", - деп жазды ресми желі парақшасында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері.

Айта кету керек, WhatsApp желісінде бұл ақпаратты мектеп оқушыларының ата-аналары құрған топтарда белсенді түрде таралып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1594525-qulybaevqa-qatysty-zhelini-shulatqan.html