RU

"Әзілдедік": Қызылорда мектебінде жыныстық қатынасқа қатысты үлкен шу шықты

Қызылорданың Белқұл ауылындағы орта мектептердің бірінде екі алтыншы сынып оқушысы математика пәнінің мұғалімін ұятсыз әрекетке барды деп айыптады. Оқушылардың сөзінше, ұстаз олардың әуретті жерлеріне қол жүгірткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Олар мұндай мәлімдемені ағымдағы жылдың сәуірінде жасаған.

11 жастағы қыздардың аналары құқық қорғау органдарына жүгінеді. Ақпар Исахаевты тура мектеп қабырғасында қамауға алған. Осы жылдың шілдесінде іс сотқа берілді. Оқытушыны мектептің барлық қызметкерлері, тіпті ата-аналар да жақтап шықты.

Ақыры қыздардың бірі өз сөзінен айнып, ұстазы тиіскенін жоққа шығарды. Белгілі болғандай, балалар мұғаліммен осылайша әзілдеспек болыпты.

"Ақпар ағайдың үстінен өтірік шағымдансақ, мектептен қуып шығады деп ойладық. Алайда біз ойлағандай болмай шықты. Бәрі тым тез болып кетті. Сол себепті, мен анама шындықты айтуды жөн санадым. Ұстаз бізге мүлде тиіскен жоқ. Әрине мен өз ісіме қатты өкінемін, ұстазымызды босатқанын қалаймын және одан кешірім сұрағым келеді", - дейді Дина Нағызбаева.

Тағы оқыңыздар: Құлыбаевқа қатысты желіні шулатқан ақпарат жалған болып шықты (фото)

Дина полициядан шағымын кері қайтарды. Өзге қыз болса, әлі де өз сөзінен айныған жоқ.

"35 жастағы талапшыл әрі қатал мұғалімнің сабақтары барлық оқушыларға ұнай бермейтін. Үлгілі отағасы, бүгінде немере тәрбиелеп отырған Ақпар Исахаев балаларға тиісуі мүмкін емес", - дейді мектептегі әріптестері.

"Мен Ақпар Исахаевты 20 жыл бойы танимын. Әріптестері арасында ол үлкен құрметке ие. Біз істің әділ өткенін қалаймыз", - дейді мұғалімдер кәсіби одағының төрағасы Тілеген Халықов.

Тағы оқыңыздар: Елбасы ЭКСПО-ға жұмсалған ақшаны үнемдегені үшін Есімовті мақтады

Адвокат болса, бүгінде мұғалімдер қорғансыз күйге түскенін алға тартты.

"Бүгінде мұғалімдер аз жалақы алып, әлеуметтік тұрғыдан қорғансыз болғаны өз алдына, мемлекет тарапынан да заңды тұрғыда қорғаны жоқ... Кез келген оқушы мұғалімі туралы кез келген шағым түсіріп, соттап, түрмеге тоғыта алатын жағдайда", – дейді адвокат Жасұлан Таңатаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1594540-azildedik-qyzylorda-mektebinde-zhyny.html