RU

Танымал "Орел и решка" бағдарламасы елорда маңындағы ауыл өмірін көрсететін болды (фото)

Танымал «Орел и решка» телебағдарламасының кезекті саны Астана қаласына арналмақ. Жүргізушілерді елорданың қарқынды дамып жатқан орталығы  мен заманауи дамудың жолына әлі түсе қоймаған шет аймақтардың өмірі таңғалдырған деп хабарлайды NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушілері Антон Пушкин мен Анастасия Ивлеева елордаға және оның маңайындағы аймақтарға шолу жасады. Олардың ойынша, Астана өзге планеталардағы болашақтың қаласына ұқсайды, алайда оған жақын аймақтарындағы қазақтардың өмірі дамымай қалған ескі ауылдарда өтіп жатыр.

Оларды Астанадағы түрлі экзотикалық балықтардан басқа "су перілері" де өмір сүретін алып океанариум таңғалдырды.

Тағы оқыңыздар: Павлодарлық полиция капитаны мас күйінде бірнеше көлікті қиратып кеткен

«Қазақстандық Швецарияға» да барып қайтқан Антон мен Настя Бурабайдың сұлулығына таң қалып, тау шынына көтерілді.

Сондай-ақ, бағдарлама көрермендері қазақтың ұлттық аспаптарында ойнамақшы болған жүргізушілерді, олардың «қара жорғаны» қалай билегендерін және өздері қазақтардың «таңғы, түскі және кешкі асқа қолданатын ерекше сусыны» деп атаған қымызды ішкендерін көре алады.

Тағы оқыңыздар: Солтүстік Кореядан сескенген америкалықтар жанталаса жер асты үйлерін салып жатыр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1594878-tanymal-orel-reshka-baghdarlamasy-elo.html