RU

Астаналықтар ЭКСПО шарын 433 млрд теңгеге сатып жібермекші болған (фото)

Қазақстандық жылжымайтын мүлік сайтында ерекше хабарландыру пайда болды, астаналықтардың бірі ЭКСПО көрмесіндегі алып шарды 433 млрд теңгеге сатпақшы болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Хабарландыруда көрсетілгендей, ғимарат ауданы 23 600 шаршы метр, биіктігі 8 қабат, жүз метрлік қабырғалар мен евроремонт - барлығы да кәдімгі шардың сипатамасына сәйкес келеді.  Бағасы - 433 млрд теңге.

Сауданың себебі де көрсетілген -  «Халыққа тез арада ақша керек», сондықтан болар, автор шарды өз бағасына беруге келісіп отыр.

Тағы оқыңыздар: Павлодарлық полиция капитаны мас күйінде бірнеше көлікті қиратып кеткен

Астаналықтар әзілді тез арада желіде таратып жіберді, дегенмен хабарландыру қазір өз күшін жойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1594981-astanalyqtar-ekspo-sharyn-433-mlrd-tenhgeg.html