RU

Қойдың басын үйітемін деп денесінің 50 пайызы күйіп қалған жеткіншек көз жұмды

Қостанай облысында қойдың басын үйтіп жатып денесінің 50%-ы күйіп қалған 15 жастағы Ұлан Айдаров көз жұмды деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kstnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жеткіншектің туысы Дина Байтастың айтуынша, Ұлан осы түнде жан тапсырған.

Естеріңізге сала кетейік, Амангелді ауданының Қостөбе ауылында жеткіншек қойдың басын үйіту кезінде байқаусызда дәнекерлейтін шамды өзіне бұрады. Осы сәтте одан газ шығып, бүкіл киімі бірден өртене бастаған.

Денесінің 50%-ын күйік шалған Ұлан Қостанай облыстық балалар емханасына жеткізілді.

Тағы оқыңыздар: Павлодарлық полиция капитаны мас күйінде бірнеше көлікті қиратып кеткен

Ұлан есін жиып, ата-анасымен сөйлескенімен, дәрігерлердің болжамы басынан жағымсыз болды. Облыс тұрғындары жеткіншекке қол ұшын беріп, донор ретінде қан тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1594995-qoydynh-basyn-uyitemin-dep-denesininh-50-p.html