RU

Отандық танымал миллионер қазақ жігіттерін қыздардың арын сақтауға шақырды

Танымал қазақ миллионері Қайрат Құдайберген қазақ халқының ауызбіршілігі жоқ екенін айтып, елге ішіндегі қынжылысын жеткізді. Оның айтуынша, бүгінде қазақ халқы қыздардың арын сақтауды бірінші орынға қоюы тиіс.

Өзінің жүрекжарды ойын ол Instagram парақшасында айтты.

"Қазақты азғыртатын - көреалмаушылық. Бір қазақ алға басса, екіншісі қол ұшын беріп көмектесудің (еврей халқына тəріз) орныны, аяғынан ұстап артқа тартады. Ауызбіршілік жоқ.

Тағы оқыңыздар: Шымкентте полицей көлігімен үш адамды қағып, біреуін мерт қылды

Руға бөлініп найман-шайтан, шипованный (шапрашты), адай вообще неадекват, деп өз өзімізді мазақ қылып, бір жеріміз жетісіп жатқандай қарқ-қарқ күлеміз. Обал... Осындай мүшкіл жағдайға жеткен елімізге обал. Өз санамызды өзгертіп жаңа өсіп келе жатқан жастарды дұрыс жолға салмасақ, жерімізге көз салған елдерге жем боламыз", - деп жазды ол.

Сонымен бірге ол ең бірінші қазақ қыздарының арын сақтауға мән беру керек екенін айтты.

Тағы оқыңыздар: Kaspi Bank-ке жасалған шабуылдың жантүршігерлік видеосы пайда болды (видео)

"Ботакөз қарындастарымыздың арын сақтамай, оларды сыйламай, мəпелеп артынан қарамасақ елімізді де жоғалтамыз. "Ұлтты жоқ қылам десең - әйелін азғыр" деп бекер айтпаған. Қазақ бауырларым елімізге, жерімізге, ал ең басты ботакөз қарындастарымызға сақ болайық! Ұлы дала елінің болашағы өз қолымызда, сол қолдарымызды бос ұстамай еңбек етейік, бір жағадан бас болайық, сонда ешбір жауға жем болмаймыз!", - деді ол.

Ал желі қолданушылары болса оның бұл жазбасына көптеген жағымды пікірлерін білдіріп, өз ойларымен де бөлісе кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1595073-otandyq-tanymal-millioner-qazaq-zhigi.html