RU

Кемпірінің қолынан ұстап, Астананы аралаған ақсақалға жұрт сүйсініп қалды (фото)

Көшені қол ұстасып аралаған егде жастағы ерлі-зайыптының Астанада түскен суреті көпшілікті тәнті етті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фотода қария мен кейуана қол ұстасып, Астананы аралап жүргені байқалады. Егде жастағылардың кіршіксіз махаббаты желі қолданушыларының сүйіспеншілігін тудырды.

Тағы оқыңыздар: Отандық танымал миллионер қазақ жігіттерін қыздардың арын сақтауға шақырды

"Бақытты болыңыздар. Өмірлерің ұзақ болсын", "Бұл менің атам мен әжем. Олардың расымен махаббаты берік", "Әрбір қазаққа осылай қартаю нəсіп етсін", "Біле білсеңдер, қол ұстасқан ерлі зайыптының саусақтарының арасынан күнə төгіледі", "Аман болыңыздар! Не деген керемет көрініс, махаббаттары мəңгі болғай", - деп жазады пікір қалдырушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1595091-kempirininh-qolynan-ustap-astanany-ar.html