RU

Келбетіне көңілі толмаған қыз татуаж жасатамын деп қассыз қалды (фото)

Сидней тұрғыны Ким Ли татуаж жасатамын деп бар қасынан айырылып қалды деп жазады fishki.net.

Ким Лиға үнемі қасының сиректігі, түсі, формасы ұнамаған. Сол себепті қасына жеңіл татуаж жасатпақшы болып косметологтардың көмегіне жүгінеді. Бірақ тым талғампаз әйел бірінші жасалған татуажды ұнатпай қайтадан жасатады.

Алайда бұл жолы шебердің жұмысын ұнатпаған ол үстінен тағы бір рет жасатады. Нәтижесінде, қасы тым қалың болып кетеді.

Тағы оқыңыздар: Басы маймылға ұқсайтын бір көзді шошқа жұртты шошытты (фото, видео)

Амалы қалмаған әйел бәрін өшіріп қайтадан жасатуға шешім қабылдайды. Бірақ осы жолы лазерлі процедурадан кейін Ким Ли ақшасымен, уақытымен қоса қасынан да айырылып, үйіне қайтады.

Қазір Ким Ли қасынан айырылып қалғанына өкінбейтінін айтады. Себебі оған осылай әлдеқайда ынғайлы екен. Себебі қасын өзіне ұнағандай етіп бояп, кейін өшіре салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1595248-kelbetine-konhili-tolmaghan-qyz-tatuazh.html