RU

Қазақстанда діни ғұрып бойынша ғана некесін қиғандар жазалануы мүмкін

Елімізде діни ғұрып бойынша некесін қидырып, заңды түрде тіркеуге тұрмағандар жазалануы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz.

Осы жылдың күзінде мәжілісте қаралатын заң жобасында осындай нормалар бар.

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев үкімет отырысында діни қызмет және діни бірлестіктерге қатысты заң жобасы осы жылдың соңына дейін қабылдануы тиіс екенін айтты.

Заң жобасының нормаларының бірі некеге тұруға қатысты.

Тағы оқыңыздар: Бразилияға "бриллиант салынған сөмкені" жеткіземін деп қазастандық екі әйел сотталып кетті

«Неке қию институтын реттеу, неке қиюды реттеу... Бұл жерде неке қию туралы, кейде АХАЖ-ға тіркеуге тұрмай, тек діни ғұрып бойынша неке қидыратындар бар. Бұл заңға қайшы. Мұндай жағдайды болдырмас үшін заң жобасына толықтырулар енгізуді қарастырып отырмыз. Яғни, ресми түрде некеге тұрмай, діни жоралғы бойынша үйленетіндерге жауапкершілік күшейтілуі мүмкін», - деді Нұрлан Ермекбаев.

Министрдің айтуынша, заң жобасында діни білім мен киімге қатысты мәселелер де қарастырылған.

«Кәмелеттік жасқа толмағандарды дінге тарту. (...) Әңгіме деструктивті идеологиялық және діни ағымдардың сыртқы көрінісі жайлы. Бұл фашистік белгі, айталық, қандай да бір ұлттық нәсілшілдік ұйымының атрибуты болуы мүмкін», - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1595344-qazaqstanda-dini-zhoralghymen-ghana-nek.html