RU

Қоқыста жатқан Қазақстан туы желідегілердің ашуын келтірді (фото)

Әлеуметтік желіде қоқыс арасында жатқан Қазақстан туының фотосы пайда болды. Желі қолданушыларының ашуын келтірген сурет Instagram-дағы news.uko парақшасында пайда болған.

Жерде иланып жатқан туды жария еткен автордың жазуынша, бұл Шымкенттегі балалар ауруханасының маңы.

Тағы оқыңыздар: Қазақстанда діни ғұрып бойынша ғана некесін қиғандар жазалануы мүмкін

"Шымкенттегі балалар ауруханасында. Нұрсәт шағынауданы. Мемлекеттік ту қоқыстың арасында жатыр. Оқырман назар салуымызды сұрады. Қазіргі таңда  куәгерлер іздестірілуде", - дейді автор.

Ал желі оқырмандары: "Сұмдық", "Оларды тауып жазалау керек", "қатаң жазаға тарту керек", "айыппұл төлесін", - деген пікірлерін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1595386-qoqys-arasynda-zhatqan-qazaqstan-tuy-zh.html