RU

Қостанайда суға сүңгимін деген жас жігіттің жұлыны үзіліп кетті

30 шілде күні Қостанай облыстық ауруханасына Қостанай облысының 21 жастағы тұрғыны ауыр жарақатпен түскен. Бас дәрігердің міндетін атқарушы Юрий Моисеевтің айтуынша, суға сүңгіген жігіт омыртқасының мойын бөлігін сындырып алған, деп хабарлайды Baq.kz.

«Жұлыны үзілген. Оған ота жасалды, бірақ жарақаты ауыр еді. Бізде 20 күн жатып, қайтыс болды», - деп хабарлады Юрий Моисеев.

Тағы оқыңыздар: Қоқыста жатқан Қазақстан туы желідегілердің ашуын келтірді (фото)

Дәрігердің айтуынша, жігіт түнгі уақытта жарақат алған. Оған қоса рұқсат етілмеген жерде шомылыпты.

«Суға сүңгимін деп қазаға ұшырады. 21 жастағы жігіт, өте өкінішті. Жылына мұндай 5-6 оқиға болып тұрады. Биыл жаз салқын, сондықтан оқыс оқиға аз», - дейді бас дәрігердің міндетін атқарушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1595474-qostanayda-zhas-zhigit-sugha-sunhgimin-de.html