RU

Медбике жуындымен тамақтанып, азық-түлікке 1,5 млн үнемдеген

34 жастағы Сидней тұрғыны Мэл Хампфиз қаладағы супермаркеттер мен кафе-ресторандардың қоқыс жәшігін аптасына бірнеше рет тексереді. Ол жәшіктерден таза әрі балғын ет пен жеміс-жидектер, нан, көкөністер табады.

Бұл аздап ерсі көрінуі мүмкін, алайда медбике жуындыны жеу арқылы азық-түлік шығындарын 123 фундтан 25 фундқа дейін азайтқан.

Жедел жәрдем медбикесі достары мен туысқандарына жуындыда тапқан азық түліктерімен дәмді ас әзірлегенді ұнатады. Оны адамдардың бұзылмаған тамақтарды қоқысқа не үшін лақтаратыны мазалайды.

Тағы оқыңыздар: Қостанайда жас жігіттің суға сүңгимін деп жұлыны үзіліп кетті

Әлемде қоқыс жәшіктерінен тамақ тауып жейтін адамдардың тобы бар. Оларды dumpster diving деп атайды, яғни «жуындыны ақтарушылар».

Қыздың айтуынша, қоқыстан табылған заттармен тамақтану оған ешқандай зиян келтірген емес. Ол жуындыны тексеру кезінде өзіндік ережелерді қадағалайды, мәселен сыртқы қабығы жыртылған тамақтарды, жұмсақ жемістерді алмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1595491-zhuyndymen-tamaqtanyp-azyq-tulikke-aq.html