RU

Белдемше киіп алған Әлішер Кәрімов елді есінен тандыра жаздады (фото)

Зор дауысымен талайды тамсандырып жүрген отандық танымал әнші Әлішер Кәрімов Алматыда өткен "Star of Asia" фестивалінде ерекше образымен ел есінде қалды.

Ақ жейде мен қара костюмді көрген адам әншінің белдемше киіп алғанын бірден байқамауы мүмкін.

Дегенмен, айрықша стилі қашаннан ел аузында жүрген Әлішерді көпшіліктің пікірі қызықтырмайтын секілді. Ол тіпті өз ойын мына суретке қалдырған жазбасында ашық білдіріпті.

Тағы оқыңыздар: Қостанайда суға сүңгимін деген жас жігіттің жұлыны үзіліп кетті

Ал, оқырмандарының "ерекшеленемін деп тым ерсіленіп кеткен" Кәрімовті бірден сынның астына алғаны сөзсіз.

Олар Әлішер белдемше кимесе де, басқалардан өзгеше екенін алға тартып, сахналық образдарын ретке келтіруді сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1595576-beldemshe-kiip-alghan-alisher-karimov-el.html