RU

Үндістанда "талақ" айтып ажырасуға тыйым салынды

Үндістанның Жоғарғы соты «талақ» сөзін айтып, неке бұзу салтына уақытша тыйым салды. Себебі осындай рәсім арқылы жолдасымен айырылысқан әйелдер Жоғарғы сотқа шағымданған.

Ал құзіретті орган ел үкіметіне мәселеге қатысты оңтайлы заң жобасын дайындау туралы сауал жолдады. Айта кетейік, ескі салтқа сәйкес, ер адам «талақ» деп 3 рет айтса, жарымен сол сәтте-ақ ажыраса алады.

Тағы оқыңыздар: Оралда адамдарды әп-сәтте гипноздап тастайтын әккі ұры ұсталды

Мұсылман әйелдердің айтуынша, ер кісілер енді бұл сөзді Skypе және Whatsapp арқылы да айтып, лезде «еркіндік» алатын болған. Нәзік жандылардың шағымынан кейін неке бұзудың мұндай салтын орындауға жарты жылға тыйым салынды.

Әрі қарай не болатынын жаңа құқықтық құжат барысы көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1595679-undistanda-talaq-aytyp-azhyrasugha-t.html