RU

Kaspi Bank-ке шабуыл: БАҚ қарақшылардың қанша ақша көтеріп кеткенін анықтады

Талғардағы Kaspi Bank бөлімшесіне жасалған қарақшылық шабуыл кезінде ұрылар 60 млн теңгені көтеріп кеткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Время" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің хабарлауынша, ұрылар банкте бір сағат бұрын инкассация жүргізілгенін білген. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, олар 75 мың долларды, 36 миллион теңгені, 120 мың рубльді және үш мың еуроны көтеріп кеткен.

Тағы оқыңыздар: Бетін тұмшалап жүргендер енді 200 мың теңгеден аса айыппұл арқалауы мүмкін

Еске салсақ, 22 тамыз күні сағат 9.20-да Талғардың Қонаев көшесі бойындағы банк бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалған болатын. Олар ғимаратқа шатырдан еніп, банк қызметкерлеріне шабуылдаған. Қаруға ұқсас затпен қоқан-лоққы көрсеткендер ақшаны қалтасына басқаннан кейін ізін жасырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1595696-kaspi-bank-ke-shabuyl-baq-qaraqshylardynh-qansha.html