RU

Семейде грантқа түскен бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті

Семейде 19 жастағы Жансая Сафаеваны туысқандары жанұшырып іздеп жүр. Бойжеткен бір айдан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен. Оның жоғалғанға дейін оқуға грантқа түскені белгілі болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Устинка Live сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2017 жылдың 14 шілдесінде шамамен сағат күндізгі төртте 19 жастағы бойжеткен "Универмаг" дүкені маңындағы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Жансая Сафаеваны еріктілер де іздестіріп жатыр.

"Жақындарының айтуынша, Жансая жақында ғана оқу орнына грантқа түскен. Оның үйінен кетіп қалуына еш себеп болмапты. Ұялы телефоны сөндірулі. Полицияға шағымды туыстары берді", - дейді "RINA. KZ – Семей" еріктілер қозғалысының көшбасшысы Евгения Павел.

Тағы оқыңыздар: Телефоннан көз алмаған жігіт опырылған жердің астына түсіп кетті (видео)

Жоғалған күні Жансая ақ-қара жемпір мен джинс шалбарда болған және бауы бар әмиянын ұстап шыққан. Ерекше белгілері: сол жақ қолының  білегінде кішігірім тыртығы бар.

Бойжеткеннің отбасы мен еріктілер жоғалған қыз туралы қандай да бір ақпарат бере алатындарды келесі байланыс нөміріне хабарласуларын сұрайды: 8-747-349-57-17, 8-115-623-76-71 немесе 102.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1595707-semeyde-grantqa-tusken-boyzhetken-iz-t.html