RU

Жол апатынан көз жұмған отандық жұлдыздар кімдер?

Көлік апатынан күн сайын мыңдаған адам көз жұмады. Оның ішінде атағы жер жарған әкімі де, көмейіне бұлбұл қонған әншісі де, талайды рингте сұлатқан боксшысы да бар. Таңдаған жолдары түрлі болғанымен, тағдырлары ұқсас өмірден ерте өткен  жұлдыздар топтамасын NUR.KZ порталы бүгін назарларыңызға ұсынады.

Оразәлі Досбосынов пен жары Ажар Түзелбекова.

Алматы облысы Шонжы ауылынан келе жатып көлікпен аударылған Оразалы Досбосынов 30 жасқа толар уақытында дүниеден өтті. Ақынның артынан 2 жылдан кейін жары Ажар Түзелбекқызын ажал құшты.

Руслан Бөлебай

2009 жылы 16-шы шілдеде тележүргізуші, әнші Руслан Бөлебай көлік апатынан 24 жасында қыршын кетеді.

Нәби Айтмұратов

2009 жылы Нәби Аймұратов Қызылорда облысының Шиелі ауданында әнсапардан қайтып келе жатқанда автокөлігі аударылып, жарық дүниемен қош айтысты.

Тағы оқыңыздар: Отандық жұлдыздарың ішінде ең әдемі селфиге түсетін кім?

Мәдина Ералиева

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Мәдина Ералиева 2000 жылы 27-ші қараша күні 46 жасында көлік апатынан көз жұмды.

Бекзат Саттарханов

2000 жылы желтоқсанның 31-і күні Сидней олимпиадасының чемпионы, боксшы Бекзат Саттарханов 20 жасында Оңтүстік Қазақстан облысы Темірлан ауылының маңында жол апатынан қайтыс болды.

Антон Самойлов

2014 жылы 10 қазан күні әнші Антон Самойлов 29 жасында жол апатына түсіп, қайтыс болды.

Бақытжан Жұмаділов

Тағы оқыңыздар: Серік Ибрагимов ұлының бесік тойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

2010 жылы 4-і наурыз күні Қордай асуынан түсіп келе жатқанда «Дос-Мұқасан» тобының солисті Бақытжан Жұмаділовтің көлігі аударылып, 63 жасында қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1595984-zhol-apatynan-koz-zhumghan-otandyq-zhuldy.html