RU

Бурабай Карловы Вары қаласына бәсекелес бола алады

Нұрсұлтан Назарбаевқа адам ағзасының он жүйесін түрлі сырқаттардан емдейтін минералды суды таныстырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Сонымен қатар, президент  минералды су өндіруші кәсіпорын «Көкшетау Минералды Сулары» АҚ-ның жұмыс нәтижелерімен танысты.

Одан бөлек, президенттің іссапары кезінде минералды және емдік судың болуы Қазақстанның медициналық туризмін жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретіні алға тартылды. Соның арқасында Қазақстан «Ессентуки», «Боржоми», «Карловы Вары» атты әлемдік деңгейдегі курортты қалалармен теңесе алады.

 

Ежелгі мұхит қалдықтарының су көкжиегінен пайда болған жергілікті Құлагер-Арасан емдік кен орнынан алынатын QULAGER-Burabay минералды емдік суының жаңартылған брендін қазақстандықтар танып үлгерген.

Белгілі болғандай, бальнеологиялық және клиникалық зерттеулер QULAGER-Burabay емдік суының құрамында адам ағзасының 10 жүйелік системаларын емдейтін қайталанбас табиғи құрамды 25 минералдар бар екенін дәлелдеген.

Мәселен, жүрек-қан тамырлары жүйесі, асқазан-ішек жүйесі, несеп-жыныстық жүйесі, зат айналым жүйесі, эндокриндік жүйе, тірек-қимыл жүйесі емделеді. Одан бөлек, созылмалы және кәсіби улануды, депрессия мен созылмалы шаршаңқылықты, тері аурулдарын, зат алмасудың бұзылуын емдей алады.

Айта кетерлігі, қазақстандық су қасиеті жағынан белді әлем брендтерінен қалыс қалмайды, ал минералдар саны мен пайдасы бойынша, тіпті олардан асып түседі.

Ресми сапар кезінде Щучинск-Бурабай курортты аймағында медициналық туризмнің дамуы курорттық мезгілді әжептәуір ұзартып қана қоймай, одан бөлек халық денсаулығы деңгейінің жоғарылауына, жергілікті бизнестің дамуына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің біліктілігінің артуына, өңірдің инфраструктурасының дамуына, шетел инвестициясын тартуға септік болатыны сөз етілді.

Құлагер-Арасан кен орны 1991 жылы Көкшетау гидрогеологиялық экспедициясы кезінде бірқатар ғалымдармен ашылып, бүгінгі күнге дейін бай тарихқа ие болып келеді. Кен орынның бұл емдік суы 25 жыл қатарынан Қазақстандықтардың денсаулығын сақтау үшін жұмыс істеп келеді.

2000 жылдан бастап QULAGER-Burabay емдік суы ҚР Президентінің ІБ бойынша медициналық орталығының «Оқжетпес» санаторийінде, «Зеленый бор» және «Щучинский» санаторийлерінің емдік суы ретінде пайдаланылып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1596038-qulager-burabay-emdik-suy-qazaqstandaghy-medicina.html