RU

Аяусыз соққыға жығылған астаналық жігіт: Ол мені өлтіре салмағанына ғана өкінді

Астана тұрғыны Вадим Акинфеев белгісіз ер адамның өзін аяусыз соққыға жыққанын айтып, жанайқайын жеткізді. Жігіт соққыға жығылғанда оқиға куәгерлері көмек қолын созбаған. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тағы оқыңыздар: Отандық жұлдыздарың ішінде ең әдемі селфиге түсетін кім?

Оқиға 17 тамыз күні қаланың караоке-барларының бірінде болған.

"Біз танысымызбен үстел үстінде сөйлесіп отырдық. Сол арада белгісіз ер адам біздің үстелге жақындап, маған шүйлікті. Аяқ асты соққының астына алғанда, басым айналып, еденге құлап түстім. Ол мені тепкілей бастады. Танысым орынан тұрып, ер адамды сабырға шақырмақ болды. Алайда ол танысыма тиісе бастады... Мен күзет шақырмақ болғанда, ол менің артымнан қуды. Сыртқа қашып шығып едім, сол жерде қайта соққының астына алды", - деп есіне алды Вадим.

Жігіт өзіне тап берген адам оны тонамақ болғанын айтуда.

"Мойнымда алтын алқа болған. Ол алқамды бірнеше рет жұлып алуға әрекеттенді. Басымнан қан кетіп, есім кіресілі-шығасылы күйге жеттім. Өткен-кеткендер араласпады. Оның ірілігінен сескенген болуы керек", - дейді ол.

Вадимнің сөзіне сенсек, ол соққыға жығылған сәтте караоке-бардың күзетшілері жұмыста болмаған. Ал оқиға куәгерлері жігітке көмектеспей, кете беріпті. Тек жолай өтіп бара жатқан полицейлер Вадимді құтқарып қалған.

Тағы оқыңыздар: Африкада адам жеуден шаршаған қылмыскер полицияға өзі берілді

"Мұны айтамын деп еш ойламаған едім: бақытыма орай қасымыздан патрульдік көлік өтіп бара жатты. Олар бірден тоқтап, мені соққыға жыққан ер адамды қамауға алды. Жедел жәрдем шақыртты. Сол үшін оларға алғысым шексіз. Бірінші қалалық емханада менің жарақаттарымды тігіп берді. Көп ұзамай Алматы ауданы ІІБ-не жеткізіп, сол жерде маған тап берген қылмыскермен кездестім. Ол өзін түк болмағандай ұстағаны былай тұрсын, тіпті мені өлтірмегені үшін өкінетінін білдірді", - дейді зардап шегуші.

Бұл оқиғадан кейін әлі күнге дейін өзіне тап берген адамның есімін де білмейтін Вадим қылмыскер жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Ал Астана ІІД-сі күдікті анықталғанын және соталды тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1596072-ayausyz-soqqygha-zhyghylghan-astana-turghy.html