RU

Kaspi Bank ұрылар туралы ақпарат бергендерге 5 млн теңге төлейді

Kaspi Bank Талғардағы банк бөлімшесіне шабуыл жасап, тонап кеткен қарақшылар туралы қандай да бір маңызды ақпарат бере алатындарға сыйақы әзірлеп қойды. Бұл туралы NUR.KZ порталы банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Kaspi Bank 22 тамыз күні Талғардағы банк бөлімшесіне шабуыл жасаған қарақшыларды ұстауға көмектесетін маңызды ақпаратқа 5 000 000 теңге төлейді.

Қандай да бір ақпарат бере алсаңыз, банктің қауіпсіздік қызметіне хабарласуыңызға болады: +7 747 388 29 34", - делінген баспасөз хабарламасында.

Тағы оқыңыздар: Баян Есентаева Димаштың Қытай ұшағындағы суретіне қатысты пікір білдірді (фото)

Tengrinews.kz ақпаратына сүйенсек, банк қызметкерлері ұрылар 50 млн теңге көтеріп кетті деген ақпаратты растамаған. Банк өкілі тоналған қаражат әлдеқайда аз екенін, алайда нақты сомасын тергеу талабы бойынша айта алмайтынын мәлімдеді.

Еске салсақ, Талғар қаласындағы Қонаев көшесі бойында орналасқан банк бөліміне  22 тамыз күні қарақшылық шабуыл жасалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1596339-kaspi-bank-urylar-turaly-aqparat-bergenderge-5.html