RU

"Қазақ Аруы" байқауының жеңімпаздары бүгінде немен айналысып жүр?

Соңғы жылдары елімізде танымалдылыққа ие болған сұлулық байқауы - «Қазақ аруы». Сайыста сәні мен сымбаты келіскен аруларды жан жақты сынға түсіріп, ел тарихы мен салт-дәстүрі жайлы білімін тексереді. Баян Есентаева өткізетін байқау биыл  7-ші жыл қатарынан өтті. Сұлулық сайысының жеңімпаздары бүгінде немен айналысып жүргенін NUR.KZ порталы анықтады.

«Қазақ аруы – 2011» Ләззат Қалдыбекова сайыстың ең алғашқы жеңімпазы атанған болатын. Ләззат қазір Мұхтар Әуезов атындағы театрда актриса.

«Қазақ аруы – 2012» Айғаным Өтепбергенова жеңімпаз атанған соң тұрмыс құрып тегін өзгерткен болатын.  Ол бүгінде  Айғаным Самбай тегімен танымал. Байқаудан соң жеке шоу-балетін ашқан Айғаным қазір «Эйфория» би ансамблінің жетекшісі.

Тағы оқыңыздар: Баян Есентаева Димаштың Қытай ұшағындағы суретіне қатысты пікір білдірді (фото)

«Қазақ аруы – 2013» Айгерім Қанатбаева байқаудан соң өнер жолын емес, өз мамандығы бойынша жұмыс жасауды жөн көріпті.

«Қазақ аруы – 2014» Гүлназ Жоланованың байқаудан соң бағы ашылды десек те болады. Қазіргі таңда Гүлназ актрисалық мансабын құруда, соңғы жылдары түрлі отандық фильмдерде басты рөлді сомдап жүр. Жас актриса жақында ғана Нұрлан Қоянбаевтың «Бизнес по казахский в Америке» киносының түсіріліміне қатысып жатыр.

«Қазақ аруы – 2015» Кәмшат Қоскелова жеңістен кейін әлі көрінген жоқ. Тіпті аруды жанкүйерлері соңғы жылдары жоғалтып алды.

«Қазақ аруы – 2016» Альмира Ахатова сайыстан кейін актрисалық жолды таңдады. Жас актриса соңғы рет «Барыс» тобының бейнебаянына түскен болатын.

"Қазақ аруы – 2017» Асанова Нұргүл ең соңғы жеңімпаз ару да актрисалық пен қатар модель болып жүр. Отандық дизайнерлердің сәнгеріне айналған жас ару «КешYou» тобының соңғы бейнебаянына түскен болатын.

Тағы оқыңыздар: Түрмедегі Бақытбек Есентаевқа сағыныш хатын жазған қарындасы оқырмандарын жылатты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1596434-qazaq-aruy-bayqauynynh-zhenhimpazdary-b.html