Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көрерменнің көзайымына айналған "Әйел бақыты" бағдарламасы жабылып қалды

Опубликовано:

Әйелдерге арналған атышулы ток-шоу бірінші қыркүйектен бастап эфирге шықпайтын болды. Бұл туралы телебағдарлама ұжымы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті деп хабарлайды NUR.KZ.

"2013 жылдан бері көрермендер көзайымына айналған «Әйел Бақыты» бағдарламасы арна басшылығы мен біздің тараптың ортақ шешімі аясында қыркүйек айының бірінші жұлдызынан бастап эфирге шығуын тоқтатады. Осы орайда, ұлттық арна басшылығына, бізбен бірге болған көрерменнің әрқайсысына жеке алғысымызды білдіреміз.

Төрт жылдың ішінде ел арасында танымалдылық пен жоғары рейтингке ие болған «Әйел Бақытында» 1000-ға жуық эфир көрермендер жүрегіне жол тартып, 3000-ға жуық кейіпкер қатысты. Сіз бен біз болып тікелей эфирде түрлі өзекті тақырыптарды қозғадық. Бұл жоба арқылы әйел қауымына Лəйлə Сұлтанқызы мен "Əйел Бақыты" жобасының ұжымы кішкене болсын бақыттың бөлшегін сыйлады деп есептейміз", - деп жазады Ләйлә Сұлтанқызы және "Әйел Бақыты" ұжымы.

Тағы оқыңыздар: Ninety One әншісінің ата-анасы топты әбден сынаған Сәкен мен Мейрамбекке жауап берді

Бағдарлама ұжымының атынан жазба қалдырған тележүргізуші көрерменге алғысын айта келе, жобаның не үшін жабылып жатқанын түсіндірді.

"Әрбiр телеөнiмнiң өзiндiк өмiрлiк циклы бар. Бұл жағдай, әрине, бiз үшiн адал боп келген көрерменнiң көңiлiне қаяу түсiрсе, саралап қарасақ, әр тарап үшiн пайдасы бар жағдай болады. Телеарна жаңа өнiмдермен толығады, бiздiң компания жаңа белестерге ұмтылады, ал жүрегiнде оты бар әр маманымыз үшiн бұл карьерасын бәсекелi нарықта өрге домалатуға тағы бiр мүмкiндiк", - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Желі қолданушылары бұл хабарды біржақты қабылдаған жоқ.

Олардың бірқатары бағдарламаның жабылып жатқанына: "Кетпеңіздерші. Өтінеміз. Күнде үзбей көретін едік", - деп өкініш білдірді.

Ал енді біреулері: "Дұрыс болыпты, әйтпесе, соңғы кездері өсек айтып кеттіңіздер. Жаңа жобада қызықты жаңалықтарыңызбен күтеміз", - деп жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1596437-korermenninh-kozayymyna-aynalghan-aye/

pixel