RU

Мүфтият: Қажылық сапардан ақпарат таратуға NUR.KZ порталы таңдалды

Екі аптаға созылатын Мекке мен Мәдина қалаларындағы қажылық сапардан ақпараттар мен эксклюзивті сұхбаттарды NUR.KZ порталынан оқи аласыздар. Қажылық миссиясының құрамына енген порталымыз ұлық сапардан хабар тарататын бірден бір ақпарат көзі болмақ.

«Біз осыған дейін қажылық сапарға бірнеше БАҚ өкілдерін апаратын едік. Биыл қаржылық жағдайға байланысты ақпарат өкілдердің саны азайды. Ақпараттық желіден  NUR.KZ-ті таңдап отырмыз. Бір телеканал барады.  Қазақстандағы оқырмандарының саны жағынан бірінші орында тұрған портал мүмкіндігін пайдалануымыз керек. Ақпараттың биылғы жылғы берілуі біз үшін маңызды. Бірнеше оңды істер болып жатыр. Асыл дініміздің құндылықтарын асыл түрінде жүректерге ұялата білсек, біздің жеңісіміз. Бізге бірлік керек», - дейді ҚМДБ-ның аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев.

Тағы оқыңыздар: Орманды паналап күн кешкен отбасы өмірлерінің өзгергеніне сене алар емес (фото)

Бүгін тамыздың 23-нен 24-іне қараған түні Астана қаласынан 400 қажы Мәдина қаласына аттанады. Қажыларды шығарып салу рәсімі кешкі сағат 8-де Астана әуежайында ұйымдастыру жоспарланған. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының өзі ұлық сапарға шығарып салу рәсіміне қатысады.

«Қажылық – ҚМДБ қызметкерлері үшін аса жауапты маусым. Сондықтан, Қажылық миссиясымен бара жатқан дін қызметкерлері, дәрігерлер тобы, журналистер, жол бастаушы мамандар өзіне қатысты жұмыстарды тиянақты әрі жауапкершілікпен атқаруы тиіс. Бекітілген іс-шаралар уақытылы әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылуын жан-жақты қамтамасыз етіңіздер», – деп атап өтті Ғылымбек Жәдігерұлы.

Биыл Қазақстаннан 2500 қажы сапарға аттанады. Отандастарымызды Астана, Алматы, Шымкент қалалары арқылы санаулы сағаттарда қасиетті орынға жеткізу жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1596442-muftiyat-qazhylyq-sapardan-aqparat-tar.html