RU

Қостанайда 40 теңгені аздық еткен жүргізуші жеткіншекті автобустан түсірмей, әбден қорқытқан (фото)

Қостанай тұрғыны 14 жастағы ұлын 40 теңге төлегеніне бола, автобустан түсірмей, әбден қорқытқан автобус жүргізушісіне шағымданды. Бұл туралы NUR.KZ порталы "КН" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқыс жағдай 22 тамыз күні шамамен сағат 21.40-та №25 автобуста болған. Толқын Кенжетаева ұлы Нұрым Руслан есімді жүргізушіге жолақысына 40 теңге төлегенін айтуда.

Алайда 40 теңгені аздық еткен жүргізуші жолақыны ересек адамдар секілді толық төлеуді талап етеді. Осылайша жасөспірімді аялдамадан шығармай қойған Русланға Нұрым, тіпті туу туралы куәлігінің фотосын көрсетіпті. Онда Нұрымның тек осы жылдың қыркүйегінде 15 жасқа толатыны көрсетілген.

Тағы оқыңыздар: Ninety One әншісінің ата-анасы топты әбден сынаған Сәкен мен Мейрамбекке жауап берді

Өзге жолаушылар да жасөспірімнің сөзі дұрыс деп жақтағанымен, ер адам көне қоймайды. Ол жасөспірімді автобустан түсірмей, базаға алып кететінін айтып қорқыта бастағанда, Нұрым бірден анасына қоңырау шалған.

Мән-жайды білген анасы асығыс аялдамаға жүгіріп шығып, жүргізушіге ұлының туу туралы куәлігін көрсетеді. Ол кезде де ұлымды жібергісі келмеді деген әйел ер адамнан сескеніп қалғанын алға тартты.

Ол жүргізуші базада ұлымен не істемек болғанын елестетудің өзінен қорқатынын жасырмады. Автобусқа жауапты "Брунер" кәсіпорны басшылығына болған жайт туралы хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1596445-qostanayda-40-tenhgeni-azdyq-etken-zhurgi.html