RU

Хамитов, үндеме: Қазақстанның футбол федерациясы Қуат "Найманның" сынына жауап қайтарды

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз хатшысы Ербол Қайыров ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Қуат "Найман" Хамитовтің сынына жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Қуат Найман "Астана" футболшылары "Селтиктен" ойсырай жеңілгеннен кейін оларды сынға алып, Қазақстан футболына тыйым салуды ұсынған болатын.

Алайда қазақстандық клубтың кешегі жеңісінен кейін Ербол Қайыров Қуатқа жауап беруді ұйғарды.

Тағы оқыңыздар: Орманды паналап күн кешкен отбасы өмірлерінің өзгергеніне сене алар емес (фото)

"Үндеме, Хамитов! Қазақстанда футбол жойылмайды!", - деп жазған Ербол Twitter парақшасында.

Еске салсақ, 22 тамыз күні "Астана" шотландиялық "Селтикті" жауапты матчта 4:3 есебімен жеңе алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1596523-khamitov-undeme-qff-baspasoz-khatshysy-q.html