RU

Тарихтағы ең үлкен жол апаты: Астанада автобус 10 көлікті қағып кетті (видео)

Астананың оң жақ жағалауындағы Кеңесары көшесінің бойында автобус онға жуық көліктің жол апатына түсуіне себепкер болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жол апатын куәгерлер видеоға түсіріп алған. Видеода аталған оқиғаға қатты таң болған бойжеткен оны "тарихтағы ең үлкен жол апаты" деп атады.

Куәгерлердің айтуынша, жол апатына автобус кінәлі. Тежегіші істен шыққан қоғамдық көлік бірден бірнеше көлікті соққан. Нәтижесінде көліктер екпінмен бір-біріне соқтығысып қалды.

Әзірге расталмаған ақпарат бойынша, зардап шеккендер бар - бірнеше адамды жедел жәрдем алып кеткен.

Тағы оқыңыздар: Хамитов, үндеме: Қазақстанның футбол федерациясы Қуат "Найманның" сынына жауап қайтарды

Астана ІІД өкілі  NUR.KZ тілшісіне оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Ол оқиғаның мән-жайын кейін хабарлауға уәде берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1596682-tarikhtaghy-enh-ulken-zhol-apaty-astanada.html