RU

Жас қызды зорлап, аяусыз өлтірген павлодарлық тұрғын 17 жылдан кейін ғана сотталды

Павлодар облысының тұрғыны кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлап, артынша өлтіргенін мойындады деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қыздың анасының айтуынша, трагедия 2000 жылдың қыркүйегінде болған. Валентина Кец ол күндерді көзіне жас алып еске алады.

Тағы оқыңыздар: Ninety One әншісінің ата-анасы топты әбден сынаған Сәкен мен Мейрамбекке жауап берді

«Мен жұмыстан келгенде қызым үйде болмады. Үлкен балаларым Катя дүкенге кетіп, қайтып келмегенін айтты. Әкесі іздеуге шықты, мен де бірге бардым, кейін полицияға хабарластық. Полициядағылар үш күннен кейін ғана іс қозғайтынын айтты. Айналаның бәрін қарап шықтық, қызымыз табылмады. Сырттан келген ер адам күдікке ілініп, тергеу жүргізілді. Алайда 2005 жылы іс тоқтатылды», - дейді қаза болған қыздың анасы.

Қамкөңіл ана қызы сол күні кешке қараусыз қалған үйден табылғанын жеткізді. Қызды асқан қатыгездікпен өлтірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1596864-zhas-qyzdy-zorlap-ayausyz-oltirgen-pavl.html