RU

Қызуқанды әке күйеуге шығамын деген 17 жастағы қызын ұрып, шашын тақырлап тастаған

Шешенстанда әкесі күйеуге шығамын деген 17 жастағы қызын ұрып, шашын тақырлап алып тастады деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Болған оқиғаның мән-жайы былай болған: қыз сүйіктісінің тұрмыс құру ұсынысына келісімін бергенін айтып әкесіне келеді. Алайда әкесі бұл некеге үзілді-кесілді қарсы болған.

Туыстары тарапынан құқық қорғау органдарына шағым жазылғаннан кейін қыздың әкесіне қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 156-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмысқа берілетін жазаның ең ауыры – 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Тағы оқыңыздар: Еліміздің кей өңірлерінде күн ысып, ауа температурасы 36 градусқа көтеріледі

Қазіргі таңда айыптау актісі тіркеліп, аталған іс бойынша материалдар сотқа жолданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1596943-qyzuqandy-ake-kuyeuge-shyghamyn-degen-17-zh.html