RU

Ел арасында дау туғызған үш тілділік реформасының шикіліктері шыға бастады

Дау туғызған үш тілділік реформасының шикіліктері шыға бастады. Бүгін білім министрлігінің өкілдері бүкіл мұғалімдердің ағылшын тілін жетік меңгере алмайтынын мойындады деп хабарлайды 31 арна.

Үш тілде білім берудің мақтауын асырған министрліктегілер, ұстаздарға тіл үйрету үшін шетелге жібере алмаймыз дейді. Мұғалімдер ағылшын тілін арнайы курстар арқылы меңгеріп алуы тиіс.

Және олар шет тілде сөйлеп қана қоймай, физика, математика секілді пәндерді ағылшын тілінде өтуге міндетті.

Тағы оқыңыздар: Елбасы «Самұрық-Қазына» басшысын қабылдап, қордың жұмысын мақтады (фото)

Айта кетейік, биыл еліміздегі 500-ге жуық сыныпқа министрліктің су жаңа реформасы енгізіліп, 1500 мұғалім сынақтан өтеді. Ағылшынша сабақ өтетін ұстаздардың жалақысы 35 мыңға көбейеді. Үш тілділікті ақырындап, асықпай енгіземіз деген шенділер алдағы жылы 12 мың мұғалімді ағылшын курсынан өткізбек.

"Негізі толығымен үш тілділікке 2019 жылдан бастап өтеміз. Осы жолы біз пилот ретінде белгілі сандардағы мектептерде пилоттарды жасаймыз", - дейді Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Орсариев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1597038-el-arasynda-dau-tughyzghan-ush-tildilik-r.html