RU

Алматылық полицейлер қызметтің күшейтілген тәртібіне өтті

Алматы полицейлері бірнеше күн күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. Бұл алдағы мерекемен байланысты қолға алынған шара деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматының Конституция күнін тойлатуына орай, тәртіпті сақтап, көшеде және қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу мақсатында қалада "Құқықтық тәртіп" атты жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізілуде.

Тағы оқыңыздар: Бразилия түрмесінде жеті ай жатқан 20 жастағы қазақстандық қыз босап шықты (фото)

"Атап айтқанда, арнайы жоспарға сәйкес, қала көшелерінде, халық көп жиналатын орындарда полицейлер күшейтліген тәртіпте патрульдеуге көшкен. ІІД жедел қызметінің күшімен базарлар мен сауда нүктелерінде ұрлықпен, бопсалаушылықпен және өзге де заңға қайшы әрекеттермен айналысатындарды анықтап, құрықтау жұмыстары жүргізілуде", - дейді Алматы ІІД өкілі, полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек.

Күшейтілген тәртіп 23 тамыз күні басталып, 25-не дейін жалғасын табатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1597085-almatylyq-policeyler-qyzmettinh-kushe.html