RU

Серікбол Сайлаубек лимузин жалдап, анасының 60 жасын дүркіретіп өткізді (фото)

Отандық эстрадаға қосылғанына аз жыл болғанымен, қалың көрерменге ерекше даусымен танымал болған Серікбол Сайлаубек анасы Жәмилә Аманбаеваның 60 жас мерейтойын дүркіретіп өткізді.

Әртіс алматы қаласындағы қымбат мейрамханалардың бірінде туған-туыстары мен өнердегі өзі сыйласатын әріптестерінің басын қосқан.

Әдемі безендірулер мен әртіс қыздар мерейтой иесін қошеметпен көпшілік ортасына алып шықты.

Құрметті қонақтардың қатарында елімізге танымал әншілер мен актерлар болды.

Серікболдың анасы тойға сәл кешігіп келгенімен, қонақтар бұған да түсіністікпен қарады.

Анасының көңілінен шығу үшін Серікбол скрипкашылар жалдап, қымбат лимузин көлігімен анасын мейрамханаға әкелді.

Тағы оқыңыздар: "Қазақ Аруы" байқауының жеңімпаздары бүгінде немен айналысып жүр?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1597087-serikbol-saylaubek-anasynynh-60-zhyldyghy.html