RU

Қанат Ислам: Өз жерімде жеңіске жетуге дайынмын

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (24-0, 19 КО) канадалық Брэндон Кукпен қыркүйек айында болатын (18-0, 11 КО) жекпе-жекке қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тағы оқыңыздар: Елбасы «Самұрық-Қазына» басшысын қабылдап, қордың жұмысын мақтады (фото)

"Біз жақсы жаттығу лагерін өткіздік. Мен өзімді өте жақсы сезінемін және жеңіске дайынмын. Біз әлем чемпионы титулы үшін күресуге деген мүмкіндікті күтіп жүрміз. Мен ол үшін әрдайым дайынмын. Қазақстан — туған үйім және мен өз жерімде жеңілмеймін",-деді Қанат Ислам.

Еске салсақ, Ислам мен Куктың жекпе-жегі 9-шы қыркүйек күні Астанада өтеді.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1597132-qanat-islam-oz-zherimde-zhenhiske-dayynm.html