RU

Сәкен Майғазиев айдай сұлу әйелімен Италияда демалып жүр (фото, видео)

"Музарт" тобының солисті Сәкен Майғазиев айдай сұлу жарымен бірге Италия елінде саяхаттап жүр. Бұған дейін ол Динарамен отасқандарына 20 жыл толуына орай сүйіктісін Алматыдағы қымбат мейрамханалардың біріне апарып, романтикалық тосынсый жасаған болатын.

Бүгінде бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған жұпқа желі қолданушылары ақ тілектерін жаудырып, Сәкеннің жарының сұлу екенін жарыса жазып жатты.

"Қатты ұқсайсыздар"," Жарыңыз қандай сұлу!", "Әдемі, жүзі сондай жылы екен", "Жарыңыз екеуіңіз қатты ұқсайсыздар", "Еліміздегі ең әдемі жұп", "Динара неткен сұлу келіншек", - деп жазды олар.

Тағы оқыңыздар: Серікбол Сайлаубек лимузин жалдап, анасының 60 жасын дүркіретіп өткізді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1597155-saken-mayghaziev-ayday-sulu-ayelimen.html