RU

14 жастағы баланы автобустан түсірмей қойған жүргізуші өз нұсқасын айтып ақталды

14 жастағы баланы автобустан түсірмей қойған жүргізуші оқиғаның қалай болғанын өзі айтып берді деп хабарлайды "Қостанай жаңалықтары" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Автобус жүргізушісі Руслан Ушков түсіндірме хатын редакцияға жолдаған.

«Оқиға былай басталды: сағат 22.03-те «Шығармашылық сарайы» аялдамасынан мен жолаушыларды сонымен қатар Нұрымды отырғыздым, «Нариман базары» аялдамасына жақын бағдаршамда тоқтап тұрғанда ол 40 теңге жолақысын төледі. Мен сол кезде: Неге 40 теңге, сенің жасың нешеде? – деп сұрадым», - деп бастаған жүргізуші әңгімесін.

Содан соң жүргізушінің айтуынша, жеткіншек 2002 жылғы екенін айтқан.

Тағы оқыңыздар: Алматыда жолдың бойынан белгісіз әйелдің өлі денесі табылды (фото)

«Одан басқа аялдамадан тағы да бір қыз түсуге дайындалып тұрған болатын, бала да бірге түсіп кетпекші болды. Мен «Тоқтай тұр, жас жігіт», - деп оны тоқтаттым. Автобустың есігін жауып, жүруді жалғастырдым», - деп жазыпты Руслан Ушков.

Жүргізушінің сөзінше, содан соң жасөспірім ұялы телефонынан туу туралы куәлігінін суретін көрсетіпті. Сосын жүргізуші оған есікті ашып «түсіңіз» дегенде, ол аяқ астынан шу шығарып, ата-анасына хабарласып, жүргізушіні ұялы телефонына түсіріп, аты-жөнін сұрай бастаған.

«Автобуста тағы бірнеше жолаушылар болды, жасөспірім анасымен телефон арқылы сөйлесе бастағанда, мен одан анасымен өзімді сөйлестіруді сұрадым, бірақ ол телефонды бермеді», - дейді жүргізуші.

«Содан соң «15 дүкен» аялдамасында баланың анасы күтіп алып, туу туралы куәліктің шынайы нұсқасын көрсетті. Анасы шу шығарып, мен оған жағдайды түсіндіріп жатқанда, баласы автобусты видеоға түсіріп тұрды. Баланың орнына 40 теңге төлей салмақшы болған жолаушыларға мен қарсы болдым», - депті Ушков өз хатында.

Тағы оқыңыздар: Қанат Ислам: Өз жерімде жеңіске жетуге дайынмын

«23.10-да базарға жеткенде маған тасымалдау қызметінің басшысы хабарласып, баланың анасының ұялы телефонының нөмірін айтты. Мен анасымен жеке сөйлесіп бәрін түсіндірдім, тіпті кешірім сұрадым. Нәтижесінде, біз ортақ мәмілеге келдік, анасы жағдайды түсінгенін айтқан болатын», - деп аяқтапты өз хатын жүргізуші.

Өз кезегінде Қостанай қаласы автобус паркінің әкімшілігі 25 автобус жүргізушісінің іс-әрекеті үшін кешірім сұрады.

«Жүргізушінің орынсыз әрекеті үшін кешірім сұраймыз, қазіргі уақытта болған жағдайға қатысты қызметтік тергеу жұмыстары жүргізілуде, оқиғаның мән жайы анықталған соң жүргізуші жұмыстан босатылады», - деді басшылық қызметі.

Айта кетейік, Қостанай қаласының тұрғыны автобус жүргізушіні 14 жастағы баласын күштеп жібермей қойды, тіпті 40 теңге үшін оңғы аялдамаға дейін апармақшы болды деп кінәлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1597204-14-zhastaghy-balany-avtobustan-tusirmege.html