RU

Қазақстандық боксшы футболшыларға сын айтқан Қуат "Найманды" жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық боксшы Әмірхан Төлеуов отандасы Қуат "Найман" Хамитовті жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы NUR.KZ порталы sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның бұл әрекетіне  ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Қуат "Найманның" Қазақстанда футболға тыйым салу туралы ұсынысы себеп болған.

Тағы оқыңыздар: 14 жастағы баланы автобустан түсірмеген жүргізуші өз нұсқасын айтып ақталды

"Менің есімім Әмірхан Төлеуов. Мен кәсіби күресшімін. "Найман", саған айтамын. Сен біздің спортшыларды жиі сынайсың. Соңғы жазбаңа футболшылар қарсы жауап қата алмайтынын жақсы түсінесің. Ал сен мені сынап көр. Немесе бұл мәселені оң жолмен шешіп, Макгрегор мен Мэйвезер сынды жекпе-жекке шығайық: солай істе! 26-сы күні ЭКСПО-ның Амфитеатрында үлкен бокс кешінде кездесейік. Кел, мен сені күтемін. Сені жекпе-жекке шақырамын", - дейді Төлеуов өз видеосәлемдемесінде.

Еске салсақ, Қуат "Найман" футболға жұмсалып жатқан қаражатты боксқа, күреске және аралас жекпе-жекке бөлу қажеттігін айтып, футболға тыйым салуды ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1597221-qazaqstandyq-boksshy-futbolshylargha-s.html