RU

Оңтүстік Қазақстанда болған жол апатынан бес адам мерт болды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шаян-Шымкент тас жолында жол апатынан бес адам мерт болды деп хабарлайды КазТАГ агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұл туралы Түркістан қаласының прокуроры Руслан Әбдіраимов өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Бүгін қайғылы жағдай орын алды: Шаян-Шымкент тас жолында жол апатынан бес адам қаза тапты, оның ішінде екі кәмелет жасқа толмаған бала бар», - деп жазды Facebook-те прокурор.

Тағы оқыңыздар: Алматыда жолдың бойынан белгісіз әйелдің өлі денесі табылды (фото)

Оқиғаның басқа да мән-жайы әлі белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1597295-onhtustik-qazaqstanda-bolghan-zhol-apat.html