RU

Қазақстандықтар қай әкімдер мен министрлерге дауыс береді?

«Халық дауысы» жобасының жалғасын тапқанына үш ай болды.

Сол уақытта дауыс жинаушылар арасында тұрақты үздіктері анықталып үлгерді. Олардың ішінде шенеуніктерден бастап қала бөліміндегілерге дейін бар.

«Халық дауысы» жобасындағы ең белсенді министр

Бұл номинацияда тұрақты үш көшбасшы анықталды:

1.    Елжан Біртанов – Денсаулық сақтау министрі

2.    Ерлан Сағгадиев – Білім және ғылым министрі

3.    Тамара Дүйсенова – Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі

Айта кетсек, Елжан Біртанов бірінші орынды осымен қатарынан тоғызыншы апта еншілеуде.

«Халық дауысы» жобасындағы ең белсенді әкім

Бұл номинацияда тағы да тұрақты көшбасшылар үштігі қалыптасқан:

1.    Бердібек Сапарбаев – Ақтөбе облысының әкімі

2.    Қошанов Ерлан – Қарағанды облысының әкімі

3.    Амандық Баталов – Алматы облысының әкімі

Бердібек Сапарбаев осымен бесінші апта қатарынан көшті бастап келеді. Бұған дейін жеті аптадан астам уақыт үздіктер көшін Амандық Баталов ешкімге бермей келген. Аутсайдерлер тізімінде де әр номинация бойынша тұрақты көшбасшылар байқалады. Алайда, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жоба басында соңғы орында болғанымен, уақыт өте келе әкімдер рейтингінде ортаңғы орынға бекіді. Ол 16-шы орыннан жетіншіге бір-ақ көтерілген.

«Халық дауысы» жобасындағы ең белсенді мемлекеттік қызметкер

Бұл номинация Иманғали Тасмағамбетовтің әлі күнге дейін ерекше халық сүйіспеншілігіне бөленген Қазақстан саясаткерлерінің бірі екенін аңдатады. Ол номинацияда көшбасшылығын сақтап келеді. Үздіктер үштігінде, сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев пен Жақып Асанов бар.

1.    Иманғали Тасмағамбетов

2.    Бақытжан Сағынтаев

3.    Жақып Асанов

«Халық дауысы» жобасындағы қалалар

Қалаларға арналған алты номинацияның үшеуінде Алматы көш бастап келеді. Алайда бірінші аптада Алматы мен Астана бірде бір номинация бойынша үздіктер үштігінен көрінбеген болатын.

Өзге номинациялар бойынша көшбасшыларды қарап, дауыс беремін десеңіз, «Халық дауысы» жобасының сайтына кіріңіз.

«Халық дауысы» ауқымды жобасына қатыса отырып, сіз онлайн түрде өз пікіріңізді ортаға сала аласыз. Жобаларды, қалаларды немесе резонанс тудырған пікрілерді бағалаңыз. Шенеунікті жақтап дауыс беріңіз немесе қарсы екеніңізді байқатыңыз!

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүтіндей бір қаланың тұрғындары әкімдерге дауыс беруге атсалысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1597377-qazaqstandyqtar-qay-akimder-men-mini.html