RU

Шымкенттегі аты дардай мейрамхана палауының ішінен шеге шықты (фото)

Шымкентте палауға тапсырыс берген тұрғынның мейрамханаға өкпесі қара қазандай. Себебі астың ішінен құрылысқа қолданылатын кәдімгі шеге шыққан деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Instagram желісіндегі kritika_shymkent аккаунты жария етті. Мейрамхана клиенті он порция палауға тапсырыс беріп, өзімен бірге алып кеткен.

Тағы оқыңыздар: Қанат Ислам: Өз жерімде жеңіске жетуге дайынмын

«Кеше Б.Момышұлы көшесіндегі «Көксарай» кафесінен өзіммен бірге алып кетуге ташкенттік 10 порция палауға тапсырыс беріп, сатып алдым. 5 минут күте тұрыңыз деп өтініш айтты, 15 минут күттім. Бірақ бұл бергі жағы екен. Палаудың ішінен шеге шықты.

Ертеңіне шегені алып әкімшісіне салтанатты түрде табыстап кеттім. Ол компенсация төлегісі келді, бірақ мен ас бөлмесін бақылауда ұстауын өтініп, компенсация алудан бас тарттым...», - деп жазылған тапсырыс берушінің мәтінінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1597458-shymkenttegi-aty-darday-meyramkhana-pa.html