RU

Жесір әйел мысықтарына мұра ретінде 300 мың доллар тастап кетті

Нью-Йоркте тұратын жесір Эллен Фрей-Враутерс мысықтарына 300 мың доллар мұра тастап кеткен, сонымен қатар мысықтарына арнайы күтім туралы жазып қалдырған деп хабарлайды "Газета.ру" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Эллен Фрей-Враутерс Нидерландының тумасы, БҰҰ-да жұмыс істеген. Оның күйеуі 1989 жылы қайтыс болады, ал жалғыз баласы сәби кезінде шетінеп кетіпті. Фрей-Враутерстің өзі 88 жасында дүниеден өтті.

«Мысықтар оның балалары сияқты еді», - дейді өз сөзінде Элленнің үй қызметшісі.

Тағы оқыңыздар: Тырнақ әрлеуші қыз сәнденуге келген әйелдің онкологиялық ауруын байқап қалды

Қазір ол мысықтардың бірі – Тигрді өз қарамағына алған. Екінші үй жануары Трой келесі үй қызметшісінің, яғни Рита Похиланың қарамағында.

Мысықтар өлгеннен кейін қалған байлық Фрей-Враутерстің жалғыз туысқаны - Нидерландыдағы сіңлісіне берілетін болады.

Қазір мұраға қалған ақшаның барлығы Фрейдің заң қызметкерлерінің шешімімен мысықты асырап алған қызметшілерге теңдей екіге бөлініп берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1597471-amerikalyq-zhesir-ayel-mysyqtaryna-mu.html