RU

Балалы болуды жоспарламаған 42 жастағы әйел бірден төрт қызды дүниеге әкелді

42 жастағы жүкті әйелге дәрігерлер үшемнің анасы болатының айтқан, алайда толғақ басталған кезде дәрігерлердің төбе шашы тік тұрды деп хабарлайды Videoboom сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тату-тәтті өмір сүріп жатқан Кимбирли мен Крейга Фьюгейт есімді ерлі-зайыптылардың 11 жастағы қыздары болған және бала туу туралы жоспарламаған еді. Алайда 42 жасқа толуға аз қалғанда дәрігерлер Кимбирлиге жүкті екенін айтқан.

Тағы оқыңыздар: Тырнақ әрлеуші қыз сәнденуге келген әйелдің онкологиялық ауруын байқап қалды

Сонымен қатар, әйел өзінің бірден үшемнің анасы болатынын білгенде қатты таңғалды. Дегенмен, тосынсыйлар мұнымен әлі бітпеген еді. Толғақ басталып, алғашқы сәби дүниеге келе бастағанда аурухана қызметкерлерін аң-таң қылған оқиға болды. Кимбирли бірден 4 баланы дүниеге әкелген.

Төрт қызды дүниеге әкелген ананың денсаулығы қазір бірқалыпты, оның айтуынша төртемдерді тәрбиелеу аса оңай емес.

Тағы оқыңыздар: Америкалық жесір әйел мысықтарына мұра ретінде $300 мың тастап кеткен

Дәрігерлердің айтуынша, 42 жастағы әйелдің төртемдерді дүниеге әкелуі - сирек кездесетін құбылыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1597506-balaly-boludy-zhosparlamaghan-42-zhastaghy.html