RU

Отқа қойылған ванна, карта және ішімдік: Қызылордалық шенеуніктер қалай демалады?

Қызылорданың мемлекеттік қызмет істері бойынша департаменті шенеуніктердің әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізіп, тексеру барысында жағаларын ұстады деп хабарлайды Kazday.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мемлекеттік қызметкерлер құмар ойындарын ойнайды, алкогольді ішімдіктерді қолданады, өздерін бейәдеп ұстайды және суреттерін еш қымсынбастан әлеуметтік желілерде жариялайды. Бұл Этикалық кодекске сай емес дейді департаменттегілер.

Тағы оқыңыздар: Балалы болуды жоспарламаған 42 жастағы әйел бірден төрт қызды дүниеге әкелді

Табылған суреттердің бірінде отқа қойылған ваннаның ішінде емін-еркін демалып отырған шенділерді, ал келесі бір суреттен "Қызыл алаңда" аяғын көтеріп фотоға түскен шенеунікті көруге болады.

Тексеру барысында шенеуніктердің карта ойнап көңіл көтеріп жатқан суреттері де табылды.

Осылайша, Қызылорда облысында жергілікті атқарушы орган, аудандық, әкімшілік және бағынышты ұйымдардың қызметкерлері қалай көңіл көтеретінін байқауға болады.

Департаменттегілер барлық суреттер шенеуніктердің жұмыс орындарына жіберілгенін атап өтті. Барлығы 48 қызметкер осындай бейәдеп суреттермен ұсталған, олардың 14-не қатаң ескерту жасалды.

Тағы оқыңыздар: Головкин: Канеломен жекпе-жек кімнің бірінші екенін көрсетеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1597581-ot-zhaghylghan-vanna-karta-zhane-ishimdik-q.html