RU

Заманауи биден жастарды шаң қаптырған әже желіде жұлдыз болды

Ресейдің Сыктывкар қаласында өткен концертте егде жастағы кейуана 80-жылдардың танымал хит әніне жастардан қалыспай билеп, желіде жұлдыз болды.

Ottawan диско тобының әніне билеп тұрған зейнеткердің видеосы әлеуметтік желіні шарлап кеткен. Кейуананы ауылдастары бірден танып қойды. Айтуларынша, биші әжей концертті көру үшін арнайы Усть-Куломск ауылынан келген екен.

Тағы оқыңыздар: От жағылған ванна, карта және ішімдік: Қызылордалық шенеуніктер қалай демалады?

Көңілді кейуана көпшілікті тәнті етіп, ел сүйіспеншілігіне бөленді.

Видео: daytube.az

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1597603-zamanaui-bilerden-zhastardy-shanh-qapty.html