RU

Қарағанды тұрғыны полицеймен жанжалдасамын деп ұятқа қалды (видео)

Полицеймен жанжалдасып қалған Қарағанды тұрғыны ел назарына ілікті. Ер адамның не себепті шу шығарғаны анықталды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, шу шығарған азамат ХҚКО-ға келушілердің бірі екен. Оның полицеймен жанжалдасқан сәті Instagram желісінде жария болды.

Видеоны жария еткендердің жазбасына сәйкес, полицейлер қызметтік көлігіндегі тұмшаланған терезесін видеоға түсіріп алмақ болған азаматты хаттамасыз күштеп алып кетпек болған. Алайда облыстың ІІД баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Тағы оқыңыздар: 14 жастағы қызын қорқытып, күйеуге бермек болған алматылық актер елді шошытты

"1982 жылғы ер адам ХҚКО аймағында темекі шегіп, тұқылын рұқсат етілмеген жерге лақтырды. Бұл "кішігірім бұзақылық" бабы. Сол уақытта Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің учаскелік полицейлері оны байқап қалып, әкімшілік хаттама толтыра бастады.  Сол арада ер адам кенет орталықтың әкімшілік ғимаратына жүгіріп кіріп, шығуын талап еткенде, халық алдында қойылым қоя бастады. Тұмшаланған әйнектер туралы ол ойдан шығара салған болуы керек", - делінген баспасөз хабарламасында.

Қарағандыға қонаққа келген Көкшетау тұрғыны ақыры өзінің заң бұзғанын мойындап, хаттамаға қол қойған. Көп ұзамай бұл видеодан кейін тағы бір видео жария болды. Онда шу шығарған азамат полицейлермен келісімге келіп, бәрін тыныш шеше салуға тырысып жатқаны байқалады. Алайда полицей келісімін бермей, ер адамға шағымын прокуратураға жолдауға кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1597630-qaraghandy-turghyny-policeymen-zhanzhal.html